Жүргізуші куәлігін алып беремін деп тұрғындарды алдаған алматылық қыз ұсталды
Жүргізуші куәлігін алып беремін деп тұрғындарды алдаған алматылық қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Полиция қызметкерлері анықтағандай, 24 жастағы Г. есімді азаматша жәбірленушілерге құжат рәсімдеуге көмектесемін деп алдап, алаяқтық жолмен ақшасын алған.
– Жәбірленушілер ірі көлемде ақша бере отырып, мұның алдау екенін елестеткен де жоқ. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде осыған ұқсас үш дерек тіркелді. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу қыздың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қала полицейлері азаматтарға сақ болуға және ақылы түрде күмәнді қызметтерді уәде еткен бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.