Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық полицейлер ірі көлемде тұрғынның ақшасын алдап алған әйелді құрықтады

Жетісайлық полицейлер ірі көлемде тұрғынның ақшасын алдап алған әйелді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның танысы зейнеткерлікке шығарып беретінін айтып, әбден сеніміне кірген. Осылайша сенімге кірген әйел ер адамнан 1 637 000 теңге ақшасын алдап алған. Жарты жылдан аса уақыт өтсе де, берген уәдесінде тұрмай, қашып жүрген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел әрекет етті. Полицейлер қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, алаяқтық жасаған әйел анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде күдікті өзін облыстық Білім басқармасында жұмыс істеймін деп таныстырғаны белгілі болды.

Ол зейнеткерлікке шығарып беретінін айтып, алған ақшаны жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру