Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның үйінен алтын алқа мен сақина ұрлаған ер адам ұсталды

Түркістан облысында тұрғынның үйінен алтын алқа мен сақина ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сайрам аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйіне белгісіз біреу ұрлыққа түсіп, құны 300 мың теңге тұратын алтын алқасы мен әрқайсысының құны 100 мың теңге тұратын екі алтын сақинасын жасырын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 500 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын анықталды. Тексеру кезінде орта жастағы ер адам ақшадан қысылып жүргендіктен осындай теріс әрекетке барғанын мойындады. Ол көше бойынан өтіп бара жатып, үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, алтын бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан алдын сотты болғандығын анықтады. Бүгінде сезікті ер адам қамауға алынып, оның құжаттары сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру