Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау полицейлері алаяқтардың әдіс-тәсілдері туралы ескертетін жадынамалар таратты

Көкшетау полицейлері алаяқтардың әдіс-тәсілдері туралы ескертетін жадынамалар таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше сағат ішінде көкшетаулық полицейлер қала тұрғындарына алаяқтар қоңырау шалған кезде егжей-тегжейлі әрекет алгоритмі бар 200-ден астам жадынама мен парақшалар таратты.

2 тамызда Көкшетау қаласының ПБ учаскелік полиция инспекторлары Нариман Нұржаксин және Ерік Балтабаевпен облыс орталығының аумағында арнайы акция өткізілді. Оның басты мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына интернет-ресурстардың көмегімен жасалған алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескерту.

Бірнеше сағат ішінде құқық қорғау органдары Абай, Әуелбеков орталық көшелерін, Н. Назарбаев даңғылын, сондай-ақ орталық саябақтың аумағын алдын алу жұмыстарымен қамтыды. Халықты барынша қамту үшін тәртіп сақшылары “Қазпошта” АҚ мен “Forte Bank” АҚ келушілері мен қызметкерлеріне арнайы әзірленген жадынамалар мен парақшалар таратты. Полицейлер қала тұрғындарына егер алаяқтар қоңырау шалса, өзін қалай ұстау керектігін және желілік алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмау алгоритмдерін түсіндірді.

Сонымен қатар, департаменттің барлық аумақтық бөлімшелерінің ақмолалық учаскелік инспекторлары WhatsApp және Telegram мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады. Полицейлер азаматтарға интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен фактілері туралы ескертетін арнайы бейнероликтер мен слайдтарды танымал мессенджерлердің чаттарында таратуда. Мұндай акцияның бастамашылары күнделікті қызметте мобильді қосымшаларды пайдалану – бұл алдын алуда бір уақытта бірнеше мың адамға қамту мүмкіндігі екеніне сенімді.

Өкінішке орай, соңғы айларда Ақмола облысының аумағында интернет-ресурстар арқылы жасалған алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Қаскүнемдер ақмолалықтардың мобильді нөмірлеріне қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, кейіннен несиелерді заңсыз ресімдеген кезде пайдаланатын жеке мәліметтерді алдау арқылы біліп алады.

Тұрғындарды ескерту үшін ақмолалық полицейлер “Интернет-алаяқтық және олардың алдын алу” жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге бастамашы болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру