Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта дүкен сөресінде тұрған телефонды қолды еткен әйел анықталды

Сарыағашта дүкен сөресінде тұрған телефонды қолды еткен әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, телефонының ұрланғанын хабарлады. Оның айтуынша, қалалық сауда орталығында орналасқан дүкендердің бірінде оның сөреде тұрған құны 100 мың теңге болатын ОPPO А5 телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын маңдағы аумақтар мен бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп шықты. Осылай жан-жақты ұйымдастырылған іздестіру шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары қылмысқа күдікті әйелдің ізіне шықты. Сарыағаш ауданы көшелерінің бірінен ұсталған күдікті АПБ-ға жеткізілді.

Белгілі болғандай, ұры оңай жолмен пайда табу мақсатында, қараусыз тұрған телефонды ешкімге білдіртпей, жымқырып кеткен. Полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру