Алматыда зейнеткерлердің атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті анықталды
Алматыда зейнеткерлердің атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бір эпизодта 26 жастағы К. есімді азаматша әженің сеніміне қиянат жасап, оның деректерін пайдаланып, онлайн 900 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол ақшаның қажеттілігін алға тартып, істеген ісін бірден мойындады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Бір қызығы, күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Іс бойынша тергеу жалғасуда.