Түркістан облысында ауруханадан телефон ұрлаған ер адам қолға түсті
Түркістан облысының полицейлері аурухана ғимаратынан телефон ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Төлеби ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ер азамат арызданды. Онда ол ауруханаға екпе салдыруға келген кезінде белгісіз біреулер үстел үстінде тұрған Samsung А11 телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 теңгеге жуық екені анықталды.
Аталған дерек ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді.
Нәтижесінде, тәртіп сақшыларының атқарған жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында аз уақыт ішінде күдікті ер азамат ұсталды.
Белгілі болғандай, күдікті азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінде қолды болған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.