Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада танысын алдап кеткен алаяқ ұсталды

Елордада танысын алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Сарыарқа» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жолмен ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 24 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында анықталғанындай, ер адам түнгі сағат 02.00 шамасында Желтоқсан көшесінде орналасқан кафелердің бірінде жақын танысымен бас қосқан. Әңгіме барысында танысынан қоңырау шалып алу үшін телефонын бере тұруын өтінген. Далаға шығып, сөйлесіп келмін деп алдаған күдікті жәбірленушінің ұялы телефонын алып, қашып кеткен. Оның үстіне, банктің телефон қосымшасы арқылы танысының 107 мың теңгесін шешіп алған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 410 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, заттай дәлелдеме тәркіленді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру