ҚР ІІМ Медициналық басқармасы COVID-19-ға қарсы ревакцинация ұйымдастырды
ҚР ІІМ Медициналық басқармасы COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинацияның төртінші толқынын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі күні ІІО қызметкерлерінің 85%-ы Sinopharm Vero Cell вакцинасымен қайта вакцинацияланды.
Ревакцинацияны ішкі істер органдарының бөлімшелеріне арнайы келген мамандар жүргізді.
Полицейлер халықпен тығыз байланыста болғандықтан, олардың COVID-19-ға қарсы вакцина алуы маңызды.