СҚО-да велосипедшіні қағып кеткен күдікті ұсталды
Мамлют ауданының ПБ қызметкерлерімен велосипедшіні қағып, оқиға орнынан жасырынған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
7 тамызда Мамлют ауданының полиция бөліміне Қостанай – Мамлютка автожолында Мамлютка қаласынан 3 км жерде 51 жастағы Воскресеновка ауылы тұрғынының мәйіті табылды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері УАЗ автокөлігінің жүргізушісін, яғни 45 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын анықтады.
Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тіркелді.
Ұсталған күдікті қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.