Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” іс-шарасы: Шымкентте 633 автокөлік айыптұраққа жеткізілді

Шымкентте 24 күн ішінде 633 автокөлік айыптұраққа жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 19 шілдеден бастап “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсаты – қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 24 күнінде 25 988 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 633 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

Атап айтқанда, техникалық байқаудан өтпеген – 662, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 869 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 3 970, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 423, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 92, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 287, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 261, авариялық жағдай туындатқан – 125, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 67, көлік құралын мас күйде басқарған – 71, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 321 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез-келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін дегендер саны да аз емес. 3 303 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру