Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД бастығы Facebook-қа тіркелді
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД бастығы Facebook-қа тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықпен және азаматтық қоғаммен өзара тиімді байланысты жолға қою үшін Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД бастығы Бекболат Шәкіров Facebook желісінде өзінің аккаунтын ашты. Енді әрбір азамат өзінің пікірін білдіріп, сұрақтарымен жүгіне алады.
Өңір тұрғындарында ҚАЖД бастығымен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі туып отыр. Facebook-тегі ашық профиль азаматтардың маңызды мәселелерін шешетін алаңға айналып, пенитенциарлық жүйе қызметкерлеріне деген жұртшылықтың сенімін арттыратын болады.
Қазіргі уақытта Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің Instagram мен Facebook-та ресми парақшалары жұмыс істейді.