Қызылорда облысында заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды
Қызылорда облысында демалыс күндері заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылордалық полицейлер демалыс күндері рейдтік шаралар барысында заңсыз қару сақтаудың үш фактісін анықтады.
Мәселен, 14 тамызда Қазалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Сырдария өзенінің жанында ІІО-да тіркелмеген 16 калибрлі, екі ұңғылы аңшылық мылтығын алып жүрген жергілікті тұрғынды тоқтатқан.
Осы тектес деректер Арал, Жалағаш аудандарында тіркелді.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.