Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық полицейлер үш сағат бойы жоғалған екі баланы іздеді

Петропавлдық полицейлер үш сағат бойы 6 мен 8 жастағы жоғалған балаларды іздеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданынан Петропавлға туыстарына келген отбасы кешті алаңдаумен өткізді. Ауыл тұрғынының 6 мен 8 жастағы ұлдары жоғалып кеткен. Әкесі өзі іздемек болған, кейін сағат 21:00 шамасында полицияға жүгінген. Іздеу жұмысына барлық сыртқы қызметтер дереу жұмылдырылады. Ювеналдық полиция қызметкерлері мен жедел уәкілдер төңіректі аралап, ойнап жүрген балалар жасырынуы мүмкін барлық жерлерді тексеріп шықты. Патрульдер балаларды адамдар көп жүретін көшелерден іздеді.

– Балаларды табуға адам өміріне бей-жай қарамайтын қала тұрғындары көмегін тигізді. Түн жарымында «102» арнасына «Рахат» дүкені ауданында үлкендердің ілесіп жүруінсіз екі жас баланың орындықта отырғаны туралы қоңырау келіп түскен. Орынға сол сәтте патруль жіберіліп, олар балаларды алаңдап отырған ата-анасына қайтарды. Балалар адасып қалғандарын түсіндірді, – дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларына келесілерді түсіндіру қажеттігін еске салады: егер олар адасып қалса, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудан сақ болып, олармен ешқайда бармау керектігін айтқан жөн. Полицейге көмекке жүгінген дұрыс. Дүкенге барып, сатушыдан полицияға хабарласуды сұрауға болады. Егер балаңыз тұрғылықты жерін нақты айта алатындығына күмәнді болсаңыз, оның қалтасына өзіңіздің байланыс телефоныңыз жазылған қағаз салыңыз. Сондай-ақ балаңыздың таныстары мен достарының және олардың ата-аталарының нөмірлерін міндетті түрде білу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру