Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жасөспірім қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қызылордада көлігімен жасөспірім қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

2022 жылы 29 шілде күні сағат 10:30 шамасында Қызылорда қаласы Саламатов көшесі мен Шымбай көшесінің қиылысында орналасқан көпір астындағы айналма жолда велосипедтегі жасөспірім қыз жолды кесіп өтпекші болған сәтінде, белгісіз жүргізуші автокөлігімен қағып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

ЖКО салдарынан жасөспірім жеңіл дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты Қызылорда облысы ПД Жергілікті полиция қызмет басқармасының іздестіру тобымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 46 жастағы Kia Rio үлгісіндегі автокөлік жүргізушісі ұсталды.

Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру