Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда жас жігіт тұрғынның сиырын ұрлап, сатып жіберген

Мақтааралдық полицейлер тұрғынның сиырын ұрлап, сатып жіберген шымкенттікті қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, өзінің қоршаулы егістік алқабына қамап кеткен сиырын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 600 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда жедел іске кірісті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, жас жігіт Мақтаарал ауданына егін егу үшін келген. Ол егістік алқапта жүрген сәтте тұрғынның сиырын көріп, оңай олжалы болуды көздеген. Сезікті жігіт Газель автокөлігіне сиырды тиеп, егістік алқаптан жымқырып кеткен. Ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру