Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіби спортшылардың қатысуымен әйелдер колониясында спартакиаданың жабылуы өтті

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 әйелдер мекемесінде «Birlik Alemi – 2022» жазғы спартакиадасының салтанатты жабылу рәсіміне кәсіби спортшылар, Әлем, Азия және Қазақстанның атақты чемпиондары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облыстық мәслихатының депутаты, джиу-джитсудан спорт шебері, грэпплингтен Азия чемпионы Нұрсұлтан Орынбасаров пен бокстан спорт шебері, Әлем чемпионы Еділ Қожамбердиев «Спартакиададағы шығармашылық жетістіктер» кубогы үшін спорттық элементтері бар бидің концерт-конкурсына қатысты.

Қонақтар жеңімпаздарға грамоталар, медальдар, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, спорт көшбасшылары мекеме жанындағы «Балалар үйінің» сотталған әйелдерінің балаларын назардан тыс қалдырмай, оларға ылғалды сулықтар, памперстер және балалар тағамы түрінде гуманитарлық көмек көрсетті.

– Біз мекемеге алғаш рет келіп отырмыз, концерттің ұйымдастырылуына, қатысушылар мен көрермендердің ауқымдылығына, би қойылымына таңданып, таң қалдық. Әйелдер өздері жасаған реквизиттеріне, бутафория және қолдан тіккен костюмдерін жеке бөліп айтқымыз келеді.
Әйелдерге мықты денсаулық және тезірек босап шығуларын тілейміз. Өз тарапымыздан біз сотталған әйелдерге гуманитарлық көмек және қолдау көрсетуге уәде береміз, – деп атап өтті спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру