Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апатында 5 адам қаза болды

Ақтөбе облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты “Покровка – Жаңажол” автожолының 54-ші шақырымында Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылы бағытында Lada Largus автокөлігі аударылып қалған.

ЖКО салдарынан автокөлік құралын басқарған 40 жастағы әйел және үш жолаушы (оның ішінде бір бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар бес адам (оның ішінде үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жатқызылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру