Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хромтауда мас жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін 6 хаттама толтырылды

Хромтауда мас жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін алты хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 тамыз күні қалада патрульдеу кезінде Hyundai Tucson автокөлігі полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды. Жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындамай, дауыс зорайтқыш құралы арқылы берілген тоқтату туралы ескертпеге тоқтамады. Хромтау қаласында бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кетіп, маневр жасау ережелерін бұза отырып, “Самара – Шымкент” автожолына бағыт алды.

Ақтөбе қаласының маңында полиция қызметкерлері қудалау арқылы аталмыш автокөлікті тоқтатты.

Жүргізушінің көлікті “жеңіл дәрежедегі” мас күйде жүргізгені, сонымен қатар көлік құралдарын басқаруға құқығы болмағаны анықталды.

Құқық бұзушы Хромтау ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Автокөлік полиция бөлімінің аумағында тұраққа қойылды. Ер адамға қатысты алты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру