Қызылорда облысында жыл басынан бері малдың қатысуымен 5 ЖКО орын алды
Қызылорда облысында жыл басынан бері малдың қатысуымен 5 ЖКО орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда облысында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы орын алып, 2 адам қайтыс болды. 11 адам әр түрлі дене жарақатын алған.Осы мерзімде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзудың 1312 дерегі анықталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 408-бабына (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) сәйкес, барлық деректер бойынша айыппұл салынған.
Жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында Полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ескертеді:
– Құрметті облыс тұрғындары, орын алған жол-көлік оқиғаларын ескере отырып, жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз!