Павлодарда 19 жастағы қыз құжатсыз көлік басқарған
Павлодарда 19 жастағы қыз құжатсыз көлік басқарған , – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 тамызда сағат 23.50-де әуежайдан Павлодарға қарай жолда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 19 жастағы қыздың басқаруымен Toyota автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер оның жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады. Қыздың айтуынша, жанында жігіті отырып, көлік жүргізуді үйреткен.
– Әрине, жаңа білім мен дағдыларды алу жақсы, бірақ әрқашан заңды сақтау керек. Полиция қоғамдық жолдарда көлік жүргізуді тек мектеп нұсқаушылары ғана үйрете алатындығын және егер ол көлік жүргізуді үйренгісі келсе, онда ол кәсіби сабақтарға тіркелуі керек екенін түсіндірді, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Заңнаманы бұзғаны үшін жүргізуші ҚР ӘҚБтК 612-бабының 2-бөлімі, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 230-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, нұсқаушы ретінде болған автокөлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 612-бабының 5-бөлімі бойынша хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.
Полиция қызметкерлері жылдың басынан бері Павлодарда көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ 413 жүргізушіні анықтағанын атап өтті.