Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері ресейлік әйелдің ұрланған телефонын қайтарды

Семейде көлік полицейлері ресейлік әйелдің ұрланған телефонын қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz

19 тамызда Талдықорған қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Новосибирск – Бішкек бағытындағы пойызда келе жатқан Ресей Федерациясының 27 жастағы азаматшасынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, пойызда белгісіз адам оның құны 150 мың теңге тұратын телефонын ұрлап кеткен.

Сол күні талдықорғандық полицейлер мән-жайды одан әрі анықтау үшін арызды Семей станциясындағы желілік полиция бөліміне жолдаған.

Арыз түсе салысымен көлік полицейлері бірден іздеуге кіріскен. Тәртіп сақшылары куәгерлерден сұрақ алып, әйел барған жерлердің барлығын қарап шыққан. Сондай-ақ, олар жоғарыда аталған пойыздың вагондарын да мұқият тексеріп, нәтижесінде жоғалған телефонды тауып, заңды иесіне қайтарды.

Аталған факті бойынша Семей станциясындағы желілік полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Ресейлік әйел полицейлерге жедел әрекет еткендері үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру