Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жүргізушіден қару мен есірткі тәркіледі

Шымкенттік полицейлер жүргізушіден қару мен есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің №822 автоэкипажы қызмет атқару барысында Төлеметов көшесі бойында ВАЗ-21014 автокөлігін тоқтатады. Жедел басқару орталығынан тексеру туралы нұсқама беріліп, сақшылар заңға сай жұмысқа кіріседі.

Автокөлікті қарау барысында қорап ішінен қара түсті тапаншаға ұқсас суық қару мен кастет табылды. Одан бөлек, азаматтың шалбарының қалтасынан жасыл түсті әрі хош иісті есірткі затына ұқсас шөп ұнтақтары тәркіленді.

Жүргізуші Қаратау АПБ-ның жедел тергеу тобына жеткізілді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру