Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері такси жүргізушілері жасаған 30-дан астам бұзушылықты анықтады

Ақтөбе облысының полицейлері такси жүргізушілері жасаған 30-дан астам бұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz

Жолаушылар көлігінің, атап айтқанда таксидің қатысуымен болған ЖКО-ның жиілеп кетуіне байланысты Ақтөбе облысының аумағында тамыздың 23-і мен 26-сы аралығында "Такси" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Аталған жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты - жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларды коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасындағы  тәртіпті жақсартуға бағытталған. 

Алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелері және жолаушылар мен багажды такси автомобильдерімен тасымалдау ережелері талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, жүргізушілерді рейс алдында тексеру және таксиге техникалық тексеру жүргізіледі.

"Такси" жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің  571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша такси жүргізушілері жасаған 30-дан астам бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру