Қарағандыда ер адам компьютерлік клубта ұрлық жасаған
Қарағандыда ер адам компьютерлік клубта ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол жеке кәсіпкер екенін, компьютерлік клубы бар екенін айтты. Түнгі уақытта белгісіз біреу ғимараттың екінші қабатында орналасқан клуб ғимаратына ашық терезе арқылы кіріп, төрт ойын приставкасы мен 14 джойстикті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 550 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыскердің әрекетін ескерген криминалдық полицейлер бір кешенді жұмыс жүргізуге кірісті – қылмысқа бір күн бұрын осы ойын мекемесіне келген адамдарды қарау. Қаскөй клубқа қалай кіру керектігін және оның ішінде қандай құрал-жабдықтар бар екенін білген.
19 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпелерін берді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер қаскөйдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.