Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселесін талқылады

СҚО полицейлері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер мен ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты Юрий Ли интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселесін талқылады. Депутаттың облыстық Полиция департаменті басшылығы мен жедел-тергеу бөліністерінің қызметкерлерімен жұмыс кездесуі тамыздың 23-і кұні болды. Басты назарда – киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері және оларды шешу жолдары.

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің арасында – қаржы пирамидаларына қарсы күрес. Юрий Ли заңнамадағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша депутаттардың жұмысы туралы айтып берді, мәселен, қаскөйлер қаржы пирамидаларының жарнамасы үшін жазаның көзделмегенін пайдаланады. Депутаттардың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта бұл мәселе шешілген, шілде айында ҚР Президенті адал емес қаржы өнімдерінің жарнамасы үшін жауапкершілікті көздейтін тиісті заңға қол қойды, аталған заң қыркүйек айында заңды күшіне енеді.

Кездесу барысында Юрий Ли полицейлердің сұрақтары мен практикалық ұсыныстарын тыңдады.

Мәселен, интернет-алаяқтар адамдарды бірден бірнеше банкіде несие ресімдеуге көндіріп жатады. Бұны банкілер өзара жедел ақпаратпен алмасып, клиентте несие бары туралы білсе, тоқтатуға болады. Тағы бір мәселе – халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру қажеттілігі. Желідегі алаяқтар көп жағдайда өз әрекеттерін шетелден жүзеге асырады, бұл қылмысты ашуда қиындық тудырады. Бір қатар іс жүзінде кездескен жағдайлар да талқыланды, атап айтқанда, шағын қаржы ұйымдарының бағдарламалық қамтамасыз етуінде регламентацияның болмауы. Сапасыз бет-әлпетті тану бағдарламалары алаяқтарға басқа біреудің атына несие ресімдеуге мүмкіндік береді. Юрий Ли аталған мәселелер заңмен шешілуі тиіс екендігін атап өтті.

– Осылайша, түрлі сұрақтар талқыланды. Бұндай кездесулер – заң шығарушыларға киберқылмыстарды тергеу тәжірибесін көрсету алаңы және қылмыспен қарсы күресте билік тармақтарының өзара іс-қимыл жасауының құралы, – деп атап өтті кездесуде төрағалық еткен СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру