Маңғыстауда құжаттары жоқ шетелдік азамат көлік жүргізген
Маңғыстауда құжаттары жоқ шетелдік азамат көлік жүргізген, – деп хабарлайды Polisia.kz
24 тамызда Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Мигрант-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында FAW CA1024V автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші мен оның жолаушысы шет мемлекеттің азаматтары екендігі анықталды. Өзімен бірге оның ешқандай құжаттары болған жоқ.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын анықтау үшін олар учаскелік полиция инспекторларына тапсырылды.