Экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымды ұстанатын тұрғын ұсталды
Қызылорда облысында экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымды ұстанатын тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымын ұстанатын 30 жастағы Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.
Тұрғылықты мекенжайы бойынша экстремистік бағыттағы кітаптар мен жазбалар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.