Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ювеналды полиция қызметкерлері тұрмысы нашар отбасыларды аралады

Нұр-Сұлтанда ювеналды полиция қызметкерлері тұрмысы нашар отбасыларды аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу және ескерту мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар бірқатар ұйымдастырушылық-профилактикалық іс-шараларды қабылдауда.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмысы балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алумен ғана шектелмейді. Қызметтің жеке бағыты ата-аналармен жұмыс болып табылады.

Өкінішке орай, кей ата-ана өз балаларын тиісті деңгейде тәрбиелемейді. Бұған ішімдік ішу, үлкендердің әдепсіз мінез-құлқы және тағы да басқа факторлар әсер етеді. Мұның бәрі кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне кері әсер етуі мүмкін.

“Назар аударыңыз – балалар!” жедел алдын алу іс-шарасы аясында “Сарыарқа” ауданы ПБ қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілімен, психологиялық қолдау қызметінің психологтарымен және әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп, ІІО-да ерекше бақылауда тұрған отбасыларға профилактикалық әңгіме жүргізу үшін барып қайтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру