Қарағанды облыстық Полиция департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлері марапатталды
Конститутция мерекесі қарсаңында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы мерекесі қарсаңында Қарағанды облысында қызмет бабында алдыңғы шептен көрінген қызметкерлерді марапаттау шарасы өтті. Іс-шараны облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов құттықтау сөзімен бастады.
– 30 тамыз күні біз еліміздегі ең айтулы мереке Қазақстан Республикасының Конститутция күнін атап өтеміз. Баршаңызды осы атаулы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға еңбекте табыс, отанымызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Ата Заңды қорғау барлық полиция қызметкерлерінің ортақ міндеті. Осы жолда баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді Құрманғали Ысмағұлов.
Полиция қызметкерінің құттықтау сөзінен кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрімен департамент бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұловтың бұйрықтарынан үзінді оқылып, қызметте үздік шыққандарды марапаттау салтанаты өтті.
Шара барысында бір қызметкер Қазақстан Республикасы ІІМ-нің құрмет грамотасын, ІІМ-нің грамотасымен 4 қызметкер, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен – 5, «Ішкі icтep органдарының үздігі» кеуде белгісімен – 5 сондай-ақ, 8 қызметкерге министрдің бұйрығымен алғыс хат табысталып, 9-на алғыс жарияланды.
Сонымен қатар, облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушының бұйрығымен 55 қызметкер грамотамен, 102 қызметкер алғыс хатпен марапатталып, 60 қызметкерге алғыс жарияланды.