Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полиция басшысы әйелдің өмірін құтқарған жанашыр азаматты марапаттады

Елордалық полиция басшысы әйелдің өмірін құтқарған жанашыр азаматты марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін қала тұрғыны Е.Мәлікті бағалы сыйлық қол сағатымен марапаттады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда сағат 17.28-де кезекші бөлімге Қошқарбаев көшесіндегі көпірден бір әйелдің секірмекші екені туралы хабарлама келіп түсті. Куәгердің айтуынша, ол парапет арқылы өтіп, секірмекші болған әйелді көрген. Әрбір секунд маңызды болған. Әйел көпірдің шетінде тұрып, соңғы қадам жасамақшы болған. Ер адам оның қолын ұстап, көпірге сүйреп, біраз тыныштандырып, жібермей ұстап тұрған. Содан кейін ол әйелді келген полиция қызметкеріне тапсырған.

– Белсенді азаматтық ұстанымын көрсете отырып, адам өмірін құтқарған қала тұрғынына алғысымды білдіремін, – деді елордалық полиция басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру