Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда көлікті жөндеп беремін деп уәде берген алаяқ ұсталды

Маңғыстау облысында көлікті жөндеп беремін деп уәде берген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы полиция бөліміне жүргізуші куәлік алып беремін және автокөлігін жөндетемін деген негізбен алдаған алаяқтың арбауына түскен жергілікті тұрғын арызданған. Өзінің алаяқтық іс-әрекетімен жәбірленушіге 680 000 теңге шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесімен 26 жастағы күдікті ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру