Алматылық полицейлер зейнеткердің жоғалтып алған сөмкесін тауып берді
Алматылық полицейлер зейнеткердің жоғалтып алған сөмкесін тауып берді. Сөмке ішінде құжаттары және басқа да маңызды заттары болған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Әуезов ауданының тұрғыны Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығына өз алғысын білдірді. Автор өз алғыс хатында Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты ПБ қызметкерлеріне, оның басшысы Елнұр Құдретбаев пен тергеуші Б. Талғатұлына алғысын білдіреді.
– Құрметті Арыстанғани Расилханұлы! Сізге және полиция қызметкерлеріне кәсіби біліктілігі, жедел әрекеті және адамдарға деген мейірімді көзқарасы үшін алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Мен сөмкемнің жоғалғандығы туралы арызбен полиция бөліміне жүгіндім. Сөмкемнің ішінде ақша, құжаттар және пәтер кілттері бар еді. Абайсызда мен оны таксиде қалдырып кеттім. Кез келген шығын зейнеткер үшін қасірет екенін білесіз. Полиция қызметкерлерінің анық және үйлесімді әрекеті істің сәтті аяқталуына әкелді. Көлік бейнебақылау камералары арқылы табылды, сөмкені маған қайтарып берді. Сізге және сіздің ұжымыңызға ауыр және жауапты жұмысыңыз үшін, қызметкерлеріңіздің ар-намысы мен ар-ожданы үшін, азаматтардың өтініштеріне құрметпен қарауға және оларды қорғауға тәрбиелегеніңіз үшін алғыс айтамыз. Барлығына жұмыстарына табыс, отбасыларына бақыт пен амандық, тыныштық пен татулық тілеймін, – деді хаттың авторы.