Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының ПД бастығының міндетін атқарушы мектеп гимназиясының қауіпсіздігін тексерді

Қарағанды облысының ПД бастығының міндетін атқарушы Шәкәрім атындағы гимназияның қауіпсіздігін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында жалпы білім беретін оқу орындарының қауіпсіздік, қажетті техникалық құралдармен жабдықталу дәрежесі тұрғысынан әзірлік мәселесі өзекті болып отыр. Қарағанды облысының ПД бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов Қарағандыдағы Шәкәрім атындағы гимназияда болды. Аталған оқу орнында 1500-ден астам бала оқиды, оқытушылар құрамында 97 мұғалім бар.

– Гимназия ғимаратына арнайы картаны пайдалана отырып, турникет арқылы ғана өтуге болады, – деп түсіндірді оқу орнының директоры Аягүл Ахметова.

– Мұндай карта барлық оқушыларда бар ма? – деп облыстың ПД бастығының міндетін атқарушы қызығушылық танытты.

Гимназия басшысы жағдайды бақылау 24 бейнебақылау камерасының көмегімен жүзеге асырылатынын түсіндірді. Оның 16-сы оқу орны ғимаратының ішінде және сегізі сыртта орнатылған. Барлық бейне карталар монитор экранында көрсетіледі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысын көбейтуге және осылайша жағдайды егжей-тегжейлі бақылауға болады. Оны бақылауды “Қаржас security” ұйымының қызметкерлері жүзеге асырады.

– Төтенше жағдай туындаған кезде сіздің іс-әрекетіңіз қандай? – деп Қ.Ысмағұлов оған сұрақ қойды.

Бірнеше минуттан кейін гимназия ғимаратына жедел әрекет ету тобының қызметкерлері келді. Бұл дабылға жедел реакция болды. Дабыл – оқу-жаттығу дабылы еді.

Ал дабыл Қарағанды қаласының ПБ жедел басқару орталығына келіп түсті, оған Қарағанды облысының білім басқармасының және БАҚ өкілдерімен бірге облыстың ПД бастығының міндетін атқарушы келді.

– Қандай да бір оқу орнында дабыл түймесі іске қосылған кезде, онда орнатылған барлық бейнебақылау камералары бірден қосылады. Олардың барлығы жедел басқару орталығына жеткізіледі. Полиция қызметкерлері төтенше жағдайдың қай жерде болып жатқанын көреді. Оған полиция наряды барып, сол жерде жұмыс жасайды, – деп түсіндірді Құрманғали Ысмағұлов.

 


– Мысалы, мектептің шешінетін бөлмесінде бала ұялы телефонын қалдырды. Кейін не болғанын көре аласыз ба? – деп журналистердің бірі облыстың ПД бастығының міндетін атқарушысынан сұрады.

 

– Мұны тікелей оқу орнының өзінде жасауға болады, онда бейнебақылау камераларының жазбалары 30 күн бойы сақталады. Қажет болса, сіз мектепке келіп, нақты уақытта қажетті жазбаны көре аласыз. Бейнебақылау жүйесі қандай да бір жағдайға жедел әрекет ету үшін құрылған, – деп атап өтті Қ.Ысмағұлов.

       

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру