Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып, үстінен өтіп кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып, үстінен өтіп кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамыз күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне аудандағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында ауыр дене жарақаттары бар жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Белгілі болғандай, көлік жүргізуші 30 жастағы азаматты қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Полиция қызметкерлері оқиға болған жерде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделей келе, жәбірленушіні басу қасақана жасалған деген шешімге келді. Бейнежазбадан көлік жүргізушінің сауда орынынан шығып көлікке отырғаны көрінеді. Кейін көлікке жәбірленуші жақындаған. Сол сәтте жүргізуші орынынан қозғалып, азаматты қағып кеткен. Осыдан кейін көлік жүргізуші жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетудің орынына оқиға болған жерден “ізін суытқан”.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешінді іс-шаралар барысында жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті жәбірленішіні танымайтындығын, көлікке отырғанда жәбірленуші одан темекі сұрғанын және оған жоқ деп жауап бергенін, сондай-ақ көлік жүргізушінің әйелі де жәбірленушіге ескерту жасағанын айтты. Алайда соңғысы көлік қозғалып бара жатқанда көлікке жақындап, сол кезде оны қағып, басып кеткені белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-бабына (Адам өлтіруе оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру