Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Облыс тұрғындары СҚО полицейлеріне алғыс білдірді

Облыс тұрғындары СҚО полицейлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер өз жұмысы жайлы халықтан алғыс алуда. Қызылжар ауданынан еңбек ардагері хат жазып, онда жедел уәкіл Сансызбай Бақаевтің әрекетін атап өткен. Ол зейнеткермен жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде аула бойы тексерген уақытта кездесіп, өзінің байланыс телефонын қалдырған. Шілде айында қарт зейнеткердің моншасынан су құятын алюминий флягасы мен багы қолды болған. Ол Сансызбайға хабарласып, көмек сұраған. Жедел уәкіл үйге келетін адамдарды жедел анықтап, жоғалған заттарды тауып алған, олар бұтаның түбіне жасырылған жерінен шықты. Зейнеткер полицейге алғысын білдірді.

– Осындай офицерлер қызметкерге үлгі болып табылады, яғни әріптестері олар жайлы білуі керек, – дейді ол СҚО ПД басшылығының атына жазған алғыс хаттында.

– Бұл менің күнделікті жұмысым. Сол факті, қарт адамның полицияға жүгінуі погондағы адамдарға сенім білдіруі, ал бұл полицей жұмысы тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып есептеледі, – дейді полиция капитаны Бақаев.

Петропавл тұрғыны Insragram әлеуметтік желісінде қабылдап-тарату орнының қызметкерлері Дамир Кошимов пен Евгений Бойчукке алғыс білдірген хатын жүктеген. Оның Toyota Avensis көлігі Астан мен Абай көшесінің қиылысында сынып қалған. Полицейлер шақыртуға бара жатқан тұста апаттық шамы жанып тұрған көлікті байқайды. Тоқтап жағдайды сұраған соң, шетелдік көлікті жол қозғалысына кедергі келтірмейтін жерге жеткізеді.

– Басқа көлік жүргізушілері тоқтамай өте шықты, осындай қызметкерлерге үлкен алғыс білдіремін, – дейді көлік тізгіндеген әйел.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру