Полицейлер жалпы үй мүлкін сындырған мас елордалықты ұстады
Полицейлер жалпы үй мүлкін сындырған мас елордалықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында елордалық лифтілердің бірінде ер адамның жарнама тақтасын сындырып жатқаны бейнеленген видео анықталды. Оқиға 29 тамызда сағат 01.15-те Момышұлы даңғылындағы тұрғын үй кешенінің кіреберісінде орын алғаны анықталды. Аталған үйдің тұрғыны лифтіге кіріп, сөмкесінен қысқышты алып шығып, жарнама тақтасының мониторын ұрып жіберген.
Фото әлеуметтік желілерден
Алматы ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы 34 жастағы қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материал қозғады.
Түпкілікті шешімді Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қабылдайды.