Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны жоқ демалыс үйлерін жалға беріп, табыс тапқан

Өскемен тұрғыны жоқ демалыс үйлерін жалға беріп, табыс тапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алтай ауданының ПБ-ға облыс орталығының 56 жастағы тұрғыны жүгініп, хабарландыру сайты арқылы жәбірленушіні алдап кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдануды сұраған. Зардап шегушінің айтуынша, қаскөйлер Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы үйлерді жалға беру сылтауымен, оның 50 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алдап алған.

Аталған жігіттің осындай схема бойынша жалпы сомасы 48 мың теңге болатын 32 және 34 жастағы қала тұрғындарының ақшасын алдап алғаны анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған 21 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын жедел анықтап, ұстады.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі және 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру