Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер «Қару» iс-шарасы барысында 45 қару тәркіледі

Қызылордалық полицейлер «Қару» iс-шарасы барысында 45 қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz

25-28 тамыз аралығында Қызылорда облысының аумағында “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара атыс қаруын қолданумен қылмыстардың алдын алу және ескертумен, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алу, қару иелерінің қарудың сақталуын және оларды сақтау жағдайын тексеру мақсатында өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде заңсыз айналымнан 45 қару алынды. Бұдан басқа, іс-шара шеңберінде тәртіп сақшылар тұрғылықты жері бойынша екі мыңнан астам қару иелерін тексерді, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 32, сақтау ережелерін бұзғаны үшін 6 азамат жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 7 дана шолақ мылтық, 1 сигналдық АКМ және 1 травматикалық қаруды тәркілеу фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру