Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды

Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы  арыз 29 тамызда Талдықорған полициясына келіп түсті. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) және 121-бабының 3-1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.

Зорлау Тоyota Camry автокөлігінің салонында жасалғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.

Күдікті ретінде қалалық полиция қызметкерлері 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру