Павлодарда екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Павлодарда екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 тамызда сағат 22.00-де Павлодар қаласының Торговая-Центральная көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ете алмай, Lada автокөлігімен соқтығысты.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Lada автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция қызметкерлері сараптама тағайындалғанын және автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қамауға алынғанын атап өтті. Тексеру жүргізіледі.
Мәлімет үшін: биылғы жылы облыс аумағында 263 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 44 адам қаза тапты, 403 адам жарақат алды.