Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үш мерекелік күнде Петропавл полицейлері 176 хабарламаға ден қойды

Үш мерекелік күнде Петропавл полицейлері 176 хабарламаға ден қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күндері полицейлер қызметті күшетілген режимде өткерді. Қоғамдық тәртіптің бұзушылықтарын болдырмау үшін патрульдеу күшейтілді. Әр тәулік сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға төрт атты, 12 жаяу және 22 автопатруль қызметке түсті.

Бұдан бөлек, патрульдеуге учаскелік полиция инспекторлары тартылды. Қала тұрғындары мерекені қауіпсіз өткізуі үшін патрульдеу бағыттары адамдар көп жиналатын орындарға жақындатылды. Қазақстан Конституциясы күнінде тәртіп сақшылары кезекшілікке салтанатты нысанды киімде шықты, бұл көңіл-күйге ерекше реңк берді.

Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин мереке күндері жағдай тұрақты болғанын атап өтті.

«102» арнасына мыңға жуық қоңырау келіп түскен, оның 700-ге жуығы анықтама сипатында болған. Полицияның ден қоюын талап ететін 176 хабарлама қабылданған, оның 23-і – отбасылық жанжал фактілері, 20-сы жол-көлік оқиғасы фактілері бойынша болған.

Сондай-ақ, көршілерінің демалуына кедергі келтірген 7 қала тұрғыны түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру