Алматының жас полицейлері офицерлік погондарын алды
Алматының жас полицейлері офицерлік погондарын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz
30-ға жуық жас қызметкер лейтенант погондарын алды. Салтанатты рәсім Алматы қаласы ПД-ның мұражайында өтті.
– Бүгін сіздердің өмірлеріңіздегі ең бір елеулі, өмір бойы естеріңізде қалатын шақ деп ойлаймын. Бірінші офицерлік атақтарыңызды алып отырсыздар, осы қатарда тұрған, менен бастап, әрбір әріптестеріміз осылай қызметті бастағанбыз. Осы қаланың тыныштығын сақтап, азаматтардың ойынан, көңілінен шығып, сенімін ақтайтын сіздер боласыздар деп ойлаймын. Осы қаланың тыныштығына, ағайын, туған-туыстың амандығына, біздің беделімізді асыруға барлықтарыңыздың атсалысатындарыңызға сенімім мол. Мұнау музейдің ішінде қандай керемет тарихи құжаттар бар, суреттер бар, сол кісілердің орнын басатын сіздер боласыздар, тарихта қалыңыздар. Барлықтарыңызды бүгінгі шендеріңізбен құттықтаймын. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, саулық тілеймін, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.