ШҚО-да велосипед ұрлаған қыз жазаға тартылды
ШҚО-да жас қыз досына қонаққа барып, спорттық велосипедті ұрлап, сатып жібермек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қыздың велосипедті мініп кеткен сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Өз әрекеті үшін ол бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
Сонымен қатар, оған бір жыл мерзімге пробациялық бақылау орнатылып, міндеттер жүктелді. Алайда сотталған жазаны өтеу шарттарын бұзғандықтан, ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметкерлері оған электронды бақылау білезігін тақты. Енді ол осы білезік арқылы қадағаланады. Егер жаза өтеу тәртібін тағы да бұзса, оның бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.
Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде қызметкерлер 20-дан астам заң бұзушылықты анықтап, олар бойынша тиісті шаралар қабылдады. Бұдан басқа, кейбір тұлғаларға бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру үшін сотқа материалдар дайындалуда.