Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО түрмесінде агротехникалық колледж ашылды

СҚО түрмесінде агротехникалық колледж ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД №51 мекемесінде оқу жылының басталуына орай Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі өз есігін ашты. Елу сотталған үшін бұл күн ерекше болды, себебі осы уақыттан бастап олар “кең бейінді құрылысшы шебері” және “газэлектрмен дәнекерлеуші” мамандықтары бойынша білім алуға мүмкіндік алды.

Колледж директоры Б. Жанахметов салтанатты жиында сөз алып, барлық студенттерге оқуда табыс және жаңа ашылулар тіледі. Басшылық атынан сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жалпы мәселелері жөніндегі бастығының орынбасары С.Спасская сөз сөйледі.

Салтанатты жиыннан кейін сотталғандар өздерінің оқу кабинеттеріне барып, оларға алғашқы сынып сағаты өткізілді. Болашақта теориялық сабақтардан басқа, практикалық сабақтар өткізу жоспарланған, онда сотталғандар алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана бастайды. Ал 10 айлық оқудан кейін олар дипломды мамандар болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру