Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасын жойды

Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жасырын есірткі өндірісін жойды.

– Аталған дерек бойынша ұсталғандар  синтетикалық есірткілерді өндіру және өткізу фактілерін анықтау мақсатында өткізіліп жатқан “Дәрмек” арнайы операциясы барысында полицияның назарына ілікті. Тінту кезінде екі есірткі зертханасынан 5 килограмнан астам синтетикалық есірткі, прекурсорлар және басқа да синтетикалық есірткі дайындау үшін қажетті құралдар тәркіленді, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта күдіктілер УҰИ-ға қамаққа алыгып, өз кінәларын толық мойындап отыр. ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі “Есірткі заттарын заңсыз өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру