Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда ротвейлер екі әйелге шапты

Екібастұзда ротвейлер екі әйелге шапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласында 7 қыркүйек күні сағат 12.00 шамасында Б.Момышұлы көшесінде 54 жастағы қала тұрғынына роттвейлер тұқымды ит шауып, жерге құлатқан. Салдарынан әйел адам басын соғып алған. Осыдан кейін ғана иттің иесі итті әйелден ажыратып, оған көмек көрсетпей, кетіп қалған. Ол бұл факті туралы полицияға хабарлады.

Жәбірленуші бас миының шайқалуымен ауруханаға жатқызылды.

Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторлары 47 жастағы иттің иесін анықтады. Мән-жайларды анықтаған кезде сол күні осы иттен тағы бір адам зардап шеккені белгілі болды. Сағат 10.30-да 35 жастағы қала тұрғыны «Шахтер» стадионының жанынан өтіп бара жатты, бірақ сол сәтте ызаланған, қарғыбауы мен тұмырылдығы жоқ ит кенеттен әйелге қарай жүгіріп, оны қауып алады.

– Үй жануарларын серуендеткені үшін полицейлер иттің иесін ҚР ӘҚБК 407-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, енді оған он АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұдан басқа, жәбірленушілерге денсаулығына зиян келтіргені бойынша сотқа жүгіну үшін сараптама тағайындалды, – деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Ведомствода атап өткендей, биыл полиция қызметкерлері серуендеу ережелерін бұзғаны үшін 168 мысық пен ит иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру