Түркістанда өзгенің көлігін заңсыз айдап әкеткен екеу ұсталды
Түркістанда өзгенің көлігін заңсыз айдап әкеткен екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, түнгі уақытта көше бойында тұрған Ваз-2107 көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап әкеткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынысыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.
Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті шаралар атқарылды.
Нәтижесінде түркістандық полицейлер тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Яғни жүйелі атқарылған жұмыс арқасында көлікті заңсыз айдап кеткен екі ер адам анықталды. Белгілі болғандай, күдіктілер түнгі уақытта көшеден кілттенбеген көлікті байқап, айдап әкеткен. Бүгінде автокөлік заңды иесіне қайтарылды.