Маңғыстаулық полицейлермен «Борышкер» ЖПІШ аясында млн теңгеден астам қаржы өндірілді
Маңғыстаулық полицейлермен «Борышкер» ЖПІШ аясында млн теңгеден астам қаржы өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz
8-10 қыркүйек аралығында Ақтау қаласы аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында Ақтау қаласы ПБ әкімшілік полиция қызметкерлері заң аясында әкімшілік айыппұлдарды өндіруге бағытталған жұмыстар атқарды.
Үш күнге созылған іс-шара кезінде 657 борышкерге қатысты 6 млн теңгеден астам қаражатты құрайтын айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіру туралы жеке сот орындаушыларына іс-құжаттар жолданды. Ал айыппұлды өз еркімен төлеуден жалтарып жүрген 338 құқық бұзушыға полицейлермен ескерту-хаттар жіберілді.
Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 894-бабына сәйкес, 130-ға жуық азаматқа әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланса, 5000-нан астам борышкерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Автопоток» жылжымалы аппараттық-бағдарламалық кешенінің базасымен 38 борышкер анықталып, олардан 400 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл өндіріліп алынды. Әкімшілік полиция қызметкерлерімен өткізілген аталмыш шара барысында өндірілген айыппұл 1 млн теңгеден астам қаражатты құрады.