Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Бестөбеде кварц кенін өңдейтін цехты анықтады

Полицейлер Бестөбе тұрғынының үйінен кварц кенін өңдейтін шағын цехты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қыркүйекте Степногорск қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Бестөбе кенті тұрғындарының бірінің шаруашылық құрылысынан кварц кенін өңдейтін шағын цехты тауып алды. 33 жастағы ақмолалықтың айтуынша, ол заңсыз жабдықты өз қолымен жинаған, ал құрамында алтыны бар материалды үйінділерде жинаған. Алғашқы тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2 шар ұнтағышты, 2 жуғыш үстелді және 1 ұнтағышты тәркіледі.
Аталған факті ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдардың заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жалғасуда.
Биылғы жылдың басынан бері ҚК-нің 269-1-бабы (қорғалатын объектіге заңсыз кіру) бойынша 9 қылмыстық іс, ҚК-нің 295-1-бабы (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша 10 қылмыстық іс тіркелді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру